Он екі тілде қаріп танитын қария
АСТАНА. ҚазАқпарт - Сұлтанмахмұт қажы Рахманқұл Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бақты ауылында тұрады. Жасы 81-ге келген қадірменді қариядан алар үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбие көп. Көргені мен түйгені мол ақсақал «Ислам тағылымы», «Сезімнің сергек кездері», «Ұлттық санамыздың өзгеріске түспеген негіздері», «Ер Шыңғожа» атты кітаптардың авторы, деп жазады облыстық «Дидар» газеті.