«Бірлік» партиясының белсенділері «АтырауАгроӨнімдері» кәсіпорны жұмысшыларымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Атырауда «Бірлік» партиясы филиалының белсенділері партия төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышевпен бірге өңірдің табысты кәсіпорындарының бірі - «АтырауАгроӨнімдері» кәсіпорнында болды. Партиялықтар кәсіпорын ұжымымен өздерінің сайлауалды бағдарламасын талқылады.