Созақ ауданында мал шаруашылығын дамыту кешені салынбақ - ОҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Созақ ауданындағы мал шаруашылығын дамыту бағытында жүргізіліп отырған жоба аясында бордақылау ғимараты, жем-шөп дайынтайтын цех, қосымша мал дәрігерлік лаборатория мен мал сою алаңшалары салынады деп жоспарлануда. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.