Қазақстан 2022-2023 жылдары үш тілді білім беру жүйесіне толығымен көшеді - ҚР БҒМ
Қазақстан 2022-2023 жылдары үш тілді білім беру жүйесіне толығымен көшеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлім етті.