6 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың батыс және солтүстік-батыс бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлері жауын-шашынды, көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі мүмкін. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.