Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 37 тонна өнім сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 29 ақпан - 6 наурыз аралығында «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы тұрақта ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Бір аптаның ішінде астаналық ауыл шаруашылық тауар өндірушілер 3 млн 990 мың теңгенің 37 тонна өнімін өткізген, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.