Астанада сайлау өтетін күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау өтетін күні қала тұрғындарының барлық санаты үшін қоғамдық көліктермен жол жүру тегін болады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.