Заманауи әдіс – тәсілдер арқылы көптілділікті жүзеге асыру жолдары
Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды. Бүгінгі таңда білім саласында заманауи әдіс-тәсілдерді қолданбасқа болмайды, өйткені қоғам, онымен бірге жеткіншектер дамып келеді. Оларға ілесе отырып біз де әдіс-тәсілдерімізді дамытпасақ, еліміздің білім сапасы дамыған елдерден артта қалып кетуі әбден мүмкін. Осы жағдайға алаңдай отырып, өз тәжірибемде заманауи әдәстерді жиі қолданамын, күнделікті ізденіп отырамын. Ал заманауи әдіс-тәсілдердің басты өзгешелігі - оқушылардың алған білімдерін тек иеленіп қана қоймай, оларды қажет жағдайда қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.