АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді, кей жерлерде бұрқасын соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.