Бүгін Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін көктемнің аса бір жарқын мерекесі, Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы. Ендеше, елімізде ерекше құрметпен, ұлттық нышанмен аталып өтетін мерекелердің бірі - Наурыз екендігін, ал жыл өткен сайын бұл мейрамның елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағына күтетін ортақ мерекесіне айналып, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түскендігін неге мақтан етпеске.

