СҚО-да қар құрсауынан 100-ден астам адам құтқарылды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қарлы бұрқасын, көктайғақ, қатты жел Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарда жағдайды қиындата түсті. Сондықтан 21 наурызда аймақтағы жолдарда барлық бағаттарға қозғалыс тоқтатылды. Бүгін ауа райының дұрысталуына байланысты жолдар қайта ашылды. Бұл туралы облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.