Алматыда таэквондодан (ITF) 8-ші Азия чемпионаты басталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Достық» спорт кешенінде таэквондодан (ITF) 8-ші Азия чемпионаты басталды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл ауқымды спорттық шараға әлемнің 18 елінен 350-дей таэквондошы қатысуда.