Microsoft-тың сыпайы жасанды интеллекті біраздан кейін айналасындағыларға тіл тигізе бастаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Microsoft компаниясы 23 наурызда Twitter әлеуметтік желісінде достық ниетті Tay чат-ботын іске қосты. Ол ең алғашқы жазбасының бірінде «адамдар - өте мықты» деп атап өтті. Алайда бір тәулік өткен соң өзгелерді оқи отырып дамитын жасанды интеллект өзгеріп шыға келді, айналасындағыларды жек көретіндігін айтып, феминизмге төзе алмайтындығын жазды.