Кәсіпкерлер палатасы жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу мерзімін өзгертуге қол жеткізе алды - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына бірнеше кәсіпкерлерден өтініш түскен болатын. Кәсіпкерлер жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту барысында кадастрлық құнды төлеуге қатысты түйткілдерге кездесуде, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.