Алматыда Халықаралық балалар кітабы күні атап өтілді (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында Халықаралық балалар кітабы күні атап өтілді. Бұл шараға «Мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналарының қауымдастығы» сауықтыру орталығының тәрбиеленушілері, кітапхана оқырмандары, ата-аналар және қала мектептерінің оқушылары қатысты.