Есірткіні ірі көлемде сақтаған әйел 10 жылға сотталды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен С.Тюличкина ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі 3-тармағына сәйкес (сату мақсатында аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтау, өткізу) айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.