Н.Назарбаев «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жүйесін жаңғыртуды, сондай-ақ осы салада қосымша кепілдіктерді көздейтін «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.