Елордалық жұмыс берушілер кадрларды жұмыспен қамту орталығымен бірге таңдайды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада жергілікті жұмыс берушілер Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының және Жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен кездесті. Шараның мақсаты қала әкімдігінің Астана халқын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге көмектесу жөніндегі 2016 жылға арналған жоспарын жүзеге асыру болып табылады, деп хабарлады astana.gov.kz.