Мәскеулік косметологқа қатысты сот қаулысы өзгеріссіз қалдырылды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық соты мәскеулік косметолог Э.Абдуллаеваны ҚР ҚК 317-бабы 3-бөліміне сәйкес (абайсызда адам өліміне соқтырған медицина қызметкерінің өз кәсіби міндетін тиісінше орындамауы және медициналық көмек көрсету тәртібі мен талаптарын сақтамауы) 2 айға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Орал қалалық соты тергеу судьясының биылғы 31 наурыздағы қаулысына қатысты күдіктінің қорғаушылары түсірген жеке шағымдарды қарады.