Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу дамып отыр - К. Көкірекбаев
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Көп жылдардан бері алғаш рет жоғары сапалы, түрлі өнім шығаратын Жамбыл өңірі ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу саласын қарқынды дамытуда. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналған брифингте өңір әкімі Кәрім Көкірекбаев хабарлады.