АУА РАЙЫ: 12 сәуір күні Қазақстанның батысында ғана күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, тек батыста күн ашық. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен, оңтүстікте найзағай, бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.