Қырғызстанда тұраққа дұрыс қойылмаған көліктерді эвакуациялау туралы заң қабылданды
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев рұқсат етілмеген жерлерде тұраққа қойылған көлік құралдарын эвакуациялауға рұқсат беретін заңға қол қойды. Бұл туралы бүгін Қырғыз мемлекеті басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.