Жылжымайтын мүлік қоры жалға берілетін баспаналарға қатысты салық мәселесін жыл соңына дейін шешетін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басшылығы жалгерлердің өкілдерімен кездесті. Кездесуде Басқарушы директор - Басқарма мүшесі Тимур Қалдыбаев жалдамалы пәтерге салық салу мәселесіне қатысты Жылжымайтын мүлік қорының ресми ұстанымын мәлімдеп, аталған мәселенің жылдың аяғына дейін шешілетінін айтты. Бұл туралы қордың баспасөз қызметінен хабарланды.