Өз ісін өнер деп таныған фототілші ғана газеттің мәртебесін көтере алады - Н. Қизатұлы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Өз ісін шын сүйетін және оны өнер деп таныған фототілші ғана газеттің мәртебесін көтере алады. Алматыда қолға алынған «Тәуелсіздік тағылымы» атты ұлттық жоба аясында «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында фотожурналистика саласында 45 жыл еңбек еткен, соның ішінде 40 жыл өмірін «Жетісу» газетіне арнаған, ал бүгінде 75 жасқа аяқ басқан белгілі ардагер фототілші Нұрманбет Қизатұлы осылай деді.