Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда Кюсю аралында 6,4 балдық жер сілкінісі болды. Бастапқыда Жапонияның метеорологиялық агенттігі жерасты дүмпуінің магнитудасын 7 балға бағалап, цунами қаупі жайлы хабар таратқан еді. Кейін олардың бағалауы 6,4 балға дейін төмендеп, цунами қаупі жойылды, деп хабарлады Утро.ру.