Сарапшылар «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің жаһандық маңызын жоғары бағалайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі қорытынды, төртінші саммит Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жаһандық бастамасымен есте қалды десек те болады. Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі Барак Обама бастамашылығымен шақырылған жаһандық саммиттің барысындағы тарихи маңызы жоғары құжаттың бірі ретінде де бағаланатыны да сөзсіз. Өйткені, саммит аясында Қазақстан Президентінің авторлығымен шыққан «Әлем. XXI ғасыр» манифесі атауымен мүлдем жаңа құжат-парадигма жарияланып, ол бойынша БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға, сондай-ақ әлемдік ұйым жанындағы барлық мүше мемлекеттердің Тұрақты өкілдеріне тиісті хат жіберілген болатын.