Қызылордалық таеквондошы Айнұр Есбергенова Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Манилада (Филиппин) таеквондодан өтіп жатқан Азиялық лицензиялық турнирде жерлесіміз Айнұр Есбергенова финалға шығып, бірден Олимпиада ойындарына жолдама алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.