Қазақ жігіт Counter-Strike ойынын Андроидқа көшірді (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлібек Омаров Github репозиториінде Android телефонында толыққанды Counter-Strike 1.6 ойынын іске қосу үшін қажетті файлдар мен нұсқаулықтарды жария етті. Геймер CS компьютерлік ойынының түпнұсқасын ойнайтын ойын серверлеріне еш қиындықсыз қосыла алған, деп хабарлайды геймерлердің порталы.