ЕАЭО аясында ғылыми-өндірістік кооперацияларды бірлесе дамыту қажет - М. Пішембаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Машина жасаушылар одағы басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Мәскеуде жұмыс сапарымен болып, онда Ресей машина жасаушылар одағының съезіне қатысты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.