Елордада робототехникадан «KazRoboSport-2016» жарысы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы сенбі күні М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «KazRoboSport-2016» аймақтық чемпионаты басталады. Жарысқа қатысуға 30 жуық команда өтінім берді. Балалар өз автономды роботтарын таныстырып, сайысқа түседі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.