Жамбыл облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 380 шара өтеді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Бірлік пен Жасампаздыққа 25 жыл» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жылдықты мерекелеу аясында шаралар жоспары әзірленді. Бұл туралы Жамбыл облысы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов айтты