БҚО-да прокуратураның араласуымен бюджет 1,4 млрд. теңгеге толықтырылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биылғы бірінші тоқсанда әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты нығайту мақсатында 215 тексеру жүргізіліп, 2 мыңнан астам заңбұзушылық анықталып, мұны жою үшін 359 прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.