Мәскеуде қылмыскерлер қытайлықты сабап, 250 мың доллар салынған сөмкесін тартып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстік-шығысында қарақшылар Қытай азаматынан 16 миллион рубльден астам ақшаны тартып алды. Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, 24 сәуірде шамамен сағат 14:30-да белгісіз екеу Маяковский желекжолында ҚХР азаматына шабуыл жасап, оны ұрып, сөмкесін тартып алған.