АДБ сарапшысы: Ауыл шаруашылығы секторын дамыту - Қазақстанның экономикалық өсімін қамтамасыз етеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы секторын дамыту, мұнай бағасының тұрақсыздығына қарамастан, Қазақстанның экономикалық өсімін қамтамасыз ете алады. Бүгін Алматыда Орталық Азияда агробизнесті дамыту мәселелеріне арналған халықаралық форум барысында Азия даму банкінің сарапшысы Лурдес Адриано ханым осылай мәлімдеді.