Қызылордада «Алтын белбеу» сайысы басталады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 30 сәуір күні «Еуразия» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» ақтық сайысы басталады. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қатысады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.