Сингапур мен Малайзия инвесторлары ОҚО-да қоқыс өңдейтін зауыт салуды көздеп отыр
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Б.Атамқұлов Сингапур жəне Малайзия инвесторларымен кездесті. Онда облыстағы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату бойынша салынатын қоқыс зауыты жобасын іске асыру жайы қаралып, аталған инвесторлармен меморандум жасалды.