«СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН САБАҚТАРДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»
Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы дамуына байланысты болмақ. Қазіргі кезде оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр.Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесіндегі күрделі мәселелерді шешуші-кәсіби шеберлігі жоғары ұстаздар. Жоғары кәсіби педагогикалық құзіретті мұғалімдерге қойылатын талаптар қоғам қажеттілігінен туындайды. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқу қарқынын жақсарту мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану- заман талабы.
Педагогикалық технологияларды сипаттағанда олардың негізгі ерекшеліктері- қасиеттері, идеялары, оқу жүйесінде қолданылуы, тиімділігі мен нәтижелілігі негізге алынады. Іс жүзінде қолданылып жүрген көптеген педагогикалық технологиялар бар:
- Дәстүрлі оқыту технологиясы. Бұл технологияның негізінде оқытудың сынып-сабақ жүйесі жатады, яғни мұғалім білімді айтып береді, оқушыларда іскерлік пен дағды қалыптасады, оқушылар қайталау арқылы бекітеді, сабақ қортындысын бағалайды.
- Оқытудың модульдік технологиясы. Бұл технология білім беру үрдісін өзгертеді. Оқушы мұнда толығымен немесе бөлшектеп мақсатты дара бағдарлама бойынша өздігінен оқиды.
- Жобалық оқыту технологиясы. Бұл технологиямен оқыту барысында: зейін орталығы-оқушылар, олардың шығармашылық талаптарының дамуына мүмкіншілік жасау. Жоба жұмысында әр оқушыға өздік даму деңгейінің көтерілуіне мүмкіншілік беріледі.