«Жарқын болашақ» фестивалі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтетін бірегей іс-шара - Е.Сағадиев
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев елімізде алғаш рет өтіп жатқан «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалінің қатысушыларына құттықтау жолдады. Құттықтауды бүгін фестивальдің ашылу рәсімі барысында Білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева оқып берді.