Ватикан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» Комиссары Рәпіл Жошыбаев Ватиканға жасаған жұмыс сапарының барысында жақында тағайындалған Астана көрмесіндегі Ватикан секциясының комиссары, бейбітшілік және әділет Папа кеңесінің төрағасы, кардинал Питер Тарксонмен кездесті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.