Шымкентте жалпықалалық жүгіруге 5000-нан астам адам қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы бірлігі күні шымкенттіктер жаппай жүгіруден спринттік жарыс ұйымдастырды. Марафонға 5000-ға жуық адам қатысты. Спринтерлер Қонаев көшесі, 83 мекен жайынан Наурыз алаңына дейін 5 шақырым жүгірді.