Павлодар облысында АӨК-ке құйылған инвестициялар көлемі 9 есе өсіп, 5,5 млрд теңгені құрады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - I тоқсанның қорытындысы бойынша негізгі капиталға құйылған инвестициялар 58 млрд теңгені құрады, деп хабарлады аймақтық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадіров жиында. Отырыс Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың төрағалығымен өтті.