«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізі нәтиже бере бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізі аясында Қазақстан арқылы Қытайдан мен Орталық Азиядан Ресейге қарай тауар айналымы 2 есеге артты. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресей Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.