Францияда балалар ғаламторға өз суретін жариялаған ата-анасын сотқа бере алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда баласынан рұқсат алмай олардың суретін жариялаған ата-ана бір жылға бас бостандығынан айырылады немесе 45 мың еуро айыппұл төлейді. Әлеуметтік желі пайдаланушыларын ел билігі осылай ескертті, деп хабарлайды The Telegraph басылымы.