Астана әкімдігінде этномәдени бірлестіктердің жұмыстары талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында республикамыздың жоғары өкілдік органының тоғыз депутатының қызметі сөз болды. Сондай-ақ, отырыс барысында Астанада Достық үйін құру идеясы да талқыланды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.