Жамбыл облысының әкімі азық-түлік тауарлары нарығындағы бағаны реттеуге тапсырма берді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Өңір басшысы азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларға және қызметтерге бағаны ұстап тұруға арналған аппараттық кеңесте аудан әкімдерін және тиісті ведомстволарды тұтынушылардың мүдделерін қорғауға шақырды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.