Мәскеу түбінде зейнеткер 15 жыл бұрын өзі тапқан гранатадан көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу түбінде зейнеткер 15 жыл бұрын өзі тапқан гранатаның жарылуынан мерт болды. РФ ТК-нің Мәскеу облысы бойынша Бас тергеу басқармасынан ТАСС агенттігіне хабарлағандай, жарылыс сәрсенбі күні Егорьев ауданындағы Горшково кентінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйлердің бірінің аумағында болды.