Оралда героин сатқан тұрғын ұсталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 19 мамыр күні сағат 11.30 шамасында Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесімен күрес бөлімі қызметкерлері «Бүркіт» арнайы жасағының қолдауымен С.Датұлы көшесі бойындағы «Астана» сауда үйі маңында героин сатумен айналысқан 1986 жылғы П. деген тұрғынды қолға түсірді.