«Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» деректі фильмі халықаралық фестивальде жүлделі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы түсірген толықметражды «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» атты деректі фильмі Севастопольде 14-19 мамыр аралығында өткен деректі фильмдер мен телебағдарламалардың «Бірге жеңдік» ХІІ халықаралық кинофестивалінде жүлделі болды.