Кейкі батырдың бас сүйегін елге жеткізу бірнеше жылға созылып кетуі ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісте қазақ жауынгерлерін бастаған көшбасшылардың бірі, қазақ жерін бодандықтан құтқару үшін жанын пида еткен атақты Кейкі батырдың бас сүйегін өз Отанына жеткізу үдерісі бірнеше жылға созылып кетуі ықтимал. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.