Аралдық марафоншы 500 шақырым жолды жүгіріп өтпек
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Сейсенбі күні «Невада - Семей» қоғамдық бірлесітігінің Арал ауданы бойынша төрағасы Өтебалиев Серік Садуақасұлы Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Арал қаласынан Қызылорда қаласына дейінгі (500 км) аралықты жүгіруін бастап кетті. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.